$ 494.87  520.65  4.91

Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды

Қоштасу рәсімі 6 қаңтарда, жерлеу рәсімі 7 қаңтар күні Алматы облысының Қырғауылды ауылында (Сарыптау, 1А мекен-жайы) өтеді.

Қазақстан ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева қайтыс болды.

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Күлімхан Төлендиевамен қоштасу рәсімі 6 қаңтарда, жерлеу рәсімі 7 қаңтар күні Алматы облысының Қырғауылды ауылында (Сарыптау, 1А мекен-жайы) өтетінін хабарлады.

Күлімхан Жүндібайқызы 1939 жылдың 14 наурызында Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында дүниеге келген.

Сарытауқұм кеңшарында (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) есепші болып қызмет атқарған. Алты баланың анасы, «Күміс алқа» иегері. III дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары