$ 494.87  520.65  4.91

«Денесінің сау тамтығы қалмаған»: полиция үш баланың анасын зорлау ісіне қатысты түсінік берді

Бұл оқиға 29 желтоқсан күні кешкі уақытта болған.
Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz

Күні кеше жалақысын алуға барған үш баланың анасын мас жұмысшылардың бірі аяусыз ұрып-соғып, зорламақшы болған оқиға туралы ақпарат тараған болатын. Осы іске қатысты полиция түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Алматы қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Осы факті бойынша Түрксіб аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабы "Зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында тергеудің объективтілік, жан-жақты және толықтығы қағидаттарын сақтай отырып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, "Немолчиkz" қоғамдық қорының өкілдері әлеуметтік желіде жазған ақпаратқа сүйеніп, "Жалақысын алуға барған үш баланың анасы соққыға жығылып, денесінің сау тамтығы қалмаған", - деген тақырыпта материал жариялаған болатынбыз. Бұл оқиға 29 желтоқсан күні кешкі уақытта болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары