$ 494.87  520.65  4.91

Қатерлі ісікті жоюға ықпал ететін дәмдеуіш анықталды

Олардың мұндай тұжырымға келуіне 1924 жылдан бері шыққан куркуминнің қасиеттері туралы жазылған ғылыми жұмыстарының нәтижесі түрткі болған.
фото: aidigo.ru
фото: aidigo.ru

Филадельфиядағы Темпл университетінің ғалымдары қатерлі ісікті жоюға әсер ететін дәмдеуішті анықтады. Ғалымдар зерттеуінше, куркуминнің қабынуға қарсы және антиоксидант қасиеттері қатерлі ісікті жоюға қабілетті екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "МедикФорум"-ға сілтеме жасап. 

Олардың мұндай тұжырымға келуіне 1924 жылдан бері шыққан куркуминнің қасиеттері туралы жазылған ғылыми жұмыстарының нәтижесі түрткі болған.

Барлығы 12 595 есеп іріктеліп, куркуминнің қатерлі ісікке әсері жайлы 4738 құжатқа куәлік берілген. 

 Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, куркума қатерлі ісіктің көзін жоюға әсер  етумен шектелмей, сондай-ақ, қоректік заттарды жаңа өскіндерге жеткізудің алдын алады екен. Оған қоса, сау жасушалардың өлуінің алдын алады. Лабораториялық зерттеулеріндің нәтижесінде, куркумин қатерлі ісіктің сегіз түрінің өсуінің алдын алған.  

Куркуманың емдік қасиеттері туралы деректер ежелден белгілі. Куркума организмді тазартатын  емдік қасиетке ие өсімдік.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары