Асқазан обыры дертімен күресіп келген танымал онколог Андрей Павленко өмірден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 2018 жылдан бері қатерлі дертпен күресіп келген.Ресейлік онкологтың өлімі жайлы facebook парақшасында оның жұбайы Анна хабарлады. Ақ халатты дәрігер 5 қаңтар күні таңертеңгілік уақытта қайтыс болған. Оның өлімінен кейін соңғы жариялаған видеосы интернетте тарады. Марқұмның соңғы видеосы бір тәуліктің ішінде 1 075 240 рет қаралған.
«Егер сіз осы бейнені көріп отырсаңыз, онда мен бұл өмірден өткенімді түсіне беріңіз», - деген екен өлер алындағы түсірген бейнежазбасында. Сондай-ақ Павленко өзіне қолдау білдірген барша тілеулестеріне алғыс айтқан.
Тәжірибелі маман Павленко Санкт-Петербургтегі Пирогов жоғары медициналық технологиялар клиникасының онкология бөлімін басқарған. Өмірінің соңғы екі жылында «Адам өмірі» блогын жүргізген. Ол осы жұмысын атқара жүріп, ауруға қарсы күрес, Ресейдегі онкологиялық көмек жүйесі және онкологиялық науқас кездестіретін қиындықтар туралы құнды мәліметтер айтқан.
Айтпақшы, осыған дейін Павленко, қатерлі ісік ауруынан бас тартпауға және емделудің мүмкіндігіне сенуге көпшілікті шақырған еді.