$ 494.87  520.65  4.91

Қызмет бабын асыра пайдаланған Жомарт Ертаев кінәсін мойындады

Айыптау актісі 3600 парақтан тұрады, бірақ прокуратура тек 280 бетін ғана оқыды.
фото: Liter.kz
фото: Liter.kz

Бұрынғы қаржыгер Жомарт Ертаев Bank RBK-дағы жымқыру ісі бойынша басты сот тыңдауында өз кінәсін мойындады, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оған қаражат жымқыруды ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алған ақшаны заңдастыру бойынша айып тағылған. «Толық мөлшерде кінәмді мойындаймын», — деді Ертаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін.

Іске қатысты 46 эпизод пен 700 том бар. Айыптау актісі  болса, 3600 парақтан тұрады екен. Әйтсе де, прокуратура оның 280 бетін ғана оқыды.

Жомарт Ертаев Bank RBK-дан қызметтік бабын асыра пайдаланып, басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 миллиард теңге жымқыруды ұйымдастырды деп айыпталды.

Тергеу мәліметінше, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған.  Сотталушылар саны — 37, олар осы іске қатысы бар деген күдікке ілінген. Негізгі күдікті — экс-банкир Жомарт Ертаев. Сондай-ақ, осы іс бойынша Bank RBK бұрынғы басқарма төрағалары Игорь Мажинов және Марпу Жакубаева бар, сонымен қатар Qazaq banki акционері Бахыт Ибрагим де бар. 

Жомарт Ертаев 2018 жылы қарашада Мәскеуде ұсталды және қамауға алынып, босқын статусынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары