Алдамаға соғып, екі адамды көлікпен қағып өлтірген зейнеткер әйел шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл оқиға Талдықорғанда болған. Апат салдарынан 14 жастағы жасөспірім қызы зардап шеккен болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Естеріңізде болса, қайғылы оқиға 2019 жылдың наурыз айында Алматы-Өскемен автожолының 252-шақырымында болған. Infiniti маркалы автокөлікті тізгіндеген 67 жастағы әйел аялдамаға жақын тұрған отбасылық жұпты қағып кеткен. Олардың қастарында 14 жастағы қыз да болған еді. Жүргізуші әйел жылдамдықты асырып, көлікті басқара алмай, жолдың шетіне шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қаққан. Осы әрекеті үшін оны бес жылға шартты түрде оның бас бостандығын шектеп, 7 жыл көлік айдауына тыйым салынып отыр.
"Сотталушы жасаған құқық бұзушылық ауырлығы орташа қылмыстарға жатады. Сотталушыға үкім шығару кезінде мынадай жағдайлар ескерілді: кінәсін мойындау, жасалған іс-әрекетте өкіну, оның егде жасы (67 жас), мүгедектік, тұрғылықты жері бойынша оң мінездеме, материалдық залалды ерікті түрде өтеу, алғаш рет абайсызда қылмыс жасау", - делінген Талдықорған қалалық сотының үкімінде.