$ 446.49  475.38  4.79

БҚО-да ер адамды ұрып-соққан күзет қызметкерлері айыпталып жатыр

Қазіргі уақытта істің қосымша дәлелдемелері белгілі болғандықтан, күдіктілерді қамау екі айға ұзартылды.

Оралда ер адамды ұрып-соққан жеке күзет агенттігінің қызметкерлері Аян Кафизов пен Абзал Әділов қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл екеуіне ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес (жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) айып тағылып отыр. 

Тергеу мәліметі бойынша оқиға өткен жылғы 25 желтоқсанда шамамен сағат 05.00-де болған. 

Аталған күзет қызметкерлері наркологиялық диспансер ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзу жөніндегі хабарлама бойынша келген. Оқиға барысында жәбірленушіге ауыр дене жарақаттарын келтірген. 

Бастапқыда тергеу сотының судьясы барлық мән-жайлар анықталмағандықтан, күдіктілерді қамауға алу жөніндегі өтінішті ішінара қанағаттандырды. Яғни 10 тәулікке қамады. 

Қазіргі уақытта істің қосымша дәлелдемелері белгілі болғандықтан, күдіктілерді қамау екі айға ұзартылды. 

Күдіктілердің бірі А.Кафизовқа қатысты 3 млн теңге мөлшерінде кепіл көлемі белгіленді. Оны енгізген жағдайда бұлтартпай ұстау шарасы өзгертіледі. Кепіл мөлшерін белгілеуге бұл күдіктінің оңды мінездемесі, соттылығының жоқтығы және тұрақты мекен-жайының бар екендігі негіз болды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Екінші күдікті Абзал Әділов 2017 жылы күзде шымкенттік бейтаныс қызға бір бүйрегін беріп, аман алып қалған болатын. 

Айта кетейік, БҚО полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, 25 желтоқсан күні сағат 05.00-де «Омега» зауыты ауданындағы «Конденсат» автомай құю стансасында ер адамды ұрып жатқаны жөнінде хабар түседі. 

Оқиға орнынан ер адамның қанға боялған денесі табылды. Қылмысқа күдікті ретінде бастапқыда «Сова» жеке күзет қызметінің бес қызметкері ұсталды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 32 жастағы ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға апара жатқан мезетте көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары