$ 498.34  519.72  4.85

АҚШ-та қара нәсілді әйелдерді зорлаған полицей 263 жылға сотталды

АҚШ-тың Оклахома-Сити қаласында бірнеше әйелді зорлаған полиция қызметкері 263 жылға сотталды деп хабарлайды Associated Press.

Өткен айда 29 жастағы Дэниэл Хольтцклоу зорлау қылмысының бірнеше эпизоды бойынша кінәлі деп танылған болатын. Сондай-ақ, тағы 18 эпизод бойынша тағылған айыптар негізсіз деп табылды.

Хольтцклоу - жартылай жапон, жартылай еуропалық. Тергеу барысында белгілі болғандай ол өзіне қарасты учаскені аралау барысында кездескен қара нәсілді қыздар мен әйелдерді бірнеше рет зорлаған. 

Ал, қорғаушылар болса экс-полицейдің айыбы жоқ екенін айтып отыр. Олардың сөзінше, Хольтцклоудың үстінен арыз жазған әйелдер нашақорлар мен қылмыскерлер болған. Полицей оларға заң аясында ғана күш қолданған көрінеді.

Айта кетейік, соңғы кезде АҚШ-тың қара нәсілді тұрғындары полицияның үстінен жиі шағымданып жүр. Оған басты себеп - тәртіп сақшыларының жиі қару қолдануы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары