$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы қару-жарақ сатады

"Алаяқтар алданған адамдардың құқық қорғау органдарына жүгінбейтінін тиімді пайдаланады. Травматикалық қаруды сатып алу әрекеті заңсыз, - делінген хабарламада.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда қару-жарақ әлеуметтік желілер арқылы сатылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан ПД-не сілтеме жасап.

Полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында Telegram, VK және WhatsApp секілді жедел хабар тарататын желілері арқылы интернетте травматикалық қаруды сатуға қатысты алаяқтық фактілерін анықтады.

"Алаяқтар алданған адамдардың құқық қорғау органдарына жүгінбейтінін тиімді пайдаланады. Травматикалық қаруды сатып алу әрекеті заңсыз" делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция бөлімі ҚР-да травматикалық қаруды жеке тұлғаларға сатуға тыйым салынғанын айтады. Қаруды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүрген жағдайда ҚР ҚК-тің 287-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары