$ 498.34  519.72  4.85

Павлодар облысының әкімі Instagram-да есеп беретін болған ба?

Инвесторлар бюджет қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылымдар салынғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамаған жағдайлар кездесті.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Кеше "Павлодар облысының әкімі ұсталды" деген хабар тараған соң, Болат Бақауов іnstagram әлеуметтік желісі арқылы атқарған жұмыстары туралы "есеп берді", - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Білдей бір облыс әкімі лауазымында отырып, өңір ішінде болып жатқан жайттарға тоқталған ол, жазбасында  инвестициялық жобалардың барлығын жүзеге асыру мүмкін болмағандығын жеткізген. Мұнымен шектелмей,  проблемалардың туындауына мемлекеттік органдардың да әсері бар екендігін желі арқылы "айтты".

"Бүгін индустриялық-инновациялық даму, сондай-ақ, кәсіпкерлік және сауда басқармаларының алқа мәжілісі өтті. Өкінішке қарай, былтыр инвестициялық жобалардың барлығын жүзеге асыру мүмкін болмады. Инвесторлар бюджет қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылымдар салынғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамаған жағдайлар кездесті. Сонымен қатар, өңірде қомақты инвестиция салынып, бірақ тоқтап тұрған кәсіпорындар бар. Мәселен, Екібастұздың теміржол кластеріндегі үш кәсіпорыны тапсырыс ала алмай келеді.

Осы және өзге де мәселелерді шағын және орта бизнестің, ірі компаниялардың өкілдерімен болған кездесуде талқылап, пысықтадық. Әрбір проблемада мемлекеттік органдар тарапынан кеткен кемшіліктер де бар деп ойлаймын. Біз бұл бағыттағы жұмысты жақсартатын боламыз. Осы аптада Павлодар облысының басқа да басқармаларының қатысуымен алқа мәжілісі форматындағы кездесулерді жалғастыратын боламыз!", - деп жазба қалдырған.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен оның көмекшісін жиналыс үстінде ұстағаны туралы хабар тараған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары