$ 443.35  475.54  4.82

Алматы іргесінде емін-еркін жүрген барыстар бейнекамераға түсіп қалды (ВИДЕО)

Түз тағылары ішінен ілуде бір кездесіп қалатын ілбістің таспаға тартылуы биыл бірінші рет тіркеліп отыр екен.

Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Сәкен Ділдахмет өзінің facebook парақшасына биыл Алматы мемлекеттік қорығы аумағында үш барыстың бейнекамераға түсіп қалғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбадан үш барыстың тау етегіндегі орман арасында «ақырын жүріп, анық басып» келе жатқанын көруге болады.

Сәкен Ділдахметтің айтуынша, Жоңғар Алатауы ұлттық паркінің ғылыми қызметкерлері қорық аумағындағы аң-жануарларды тіркеу үшін ағаштар арасына арнайы бейнекамералар орнатқан.

Осы орайда, түз тағылары ішінен ілуде бір кездесіп қалатын ілбістің таспаға тартылуы биыл бірінші рет тіркеліп отыр екен. Мамандардың айтуынша, жабайы аң-жануарлар ешқандай қауіп болмаса ғана осылай емін-еркін жүре алады.

Бүгінде Қазақстан жерін шамамен 130-150 барыс мекен етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары