$ 448.56  478.03  4.79

Отандық өнімге басымдық бермеген 90 қызметкер сөгіс алды

Павлодар облысында жиһаз бен жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне мемлекеттік сатып алу процесін өткізу кезінде жасаған құқық бұзушылақтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар бар.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Жиһаз, құрылыс материалдары мен текстиль өнімдерін шетелден импорттауға екі жылға тыйым салынады. Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі біздің редакциямызға аталған өзгеріс наурызда жүзеге асатынын хабарлаған. Бүгін брифинге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзахметов 1 сәуірде нақты дайын болатынын айтты, деп хабарлайды Азаттық.

 «Бұл – бірінші тоқсанның аяғына дейін біз құрған комиссияның бақылауында. Премьер-министрдің ниетін көріп отырмыз. Ол өте қатал. Мысалы, әкімдіктерге жиһаз бен жеңіл өнеркәсіп тауарларын отандық өндірушілерден алу мәселесін қойды. Отандық кәсіпкерлер үлесі (бұрын-авт.) 2-ақ пайыз болды.

Жылды 50%-пен жаптық. Барлық әкімшілік әкімнен бастап Премьер-министрдің алдында жауап берді. Павлодар облысы әкімінің орынбасары бізге есеп берді. Әр түрлі деңгейдегі 90 қызметкер сөгіс алды. Тендер өтеді. Отандық кәсіпкер бар. Тауар алынбайды »,- деді ол.

Павлодар облысында жиһаз бен жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне мемлекеттік сатып алу процесін өткізу кезінде жасаған құқық бұзушылақтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар ішінде:

- 40 Павлодар облыстық білім басқармасының қызметкері;

- 53 Павлодар қалалық әкімдігінің қызметкері (2-еуі бұрын жұмыстан шығып кеткен);

- 1 мемлекеттік сатып алулар басқармасының есепшісі бар.

Бүгін елімізде импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылды. Ол отандық өндірушілерге тауарларын өз ішімізде сатуға, мемлекеттік органдардан тапсырыс алуға көмектеседі.

Сондай-ақ, жиын барысында палата басшысы бір сөзінде «әр әкім, әр министр таңнан кешке дейін тек отандық кәсіпкерді қолдау, айлықты өсіру жұмысымен айналысу керектігін» де ескертті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары