$ 514.65  544.6  5.17

Бұдан былай мәрмәрдан құйылған мазарлар мен зәулім сарайдай молалар салуға тыйым салына ма?

Діни басқарма Ритуалды агенттіктердің әрекетін де сынға алды. Қайтқан адамды жерлеудің жөн-жоралғысын әлгілер жарты миллионға бағалайды екен. Бейітті көтеру болса, тіпті, бірнеше миллионнан асып жығылатын көрінеді.
Фото: Qazaquni.kz
Фото: Qazaquni.kz

"Шариғатта астамшылдыққа жол жоқ" дегенді алға тартқан діни басқарма мәйіттерді жерлеудің жаңа стандарттарын даярлап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Евразия 1"-ге сілтеме жасап.

Арнайы қызмет көрсету бюролары, тіпті, зираттарға қатысты мәселелерді заң жүзінде реттеу керек деп есептейді. Сонымен, мәрмәрдан құйылған мазарлар мен зәулім сарайдай молалар салуға енді тыйым салына ма? Жаңа стандарттар қандай болмақ?

Мамандар мазар салу ісіне де реформа жасайтын уақыт жетті дейді. Ол үшін арнайы стандарт бекіту керек деген ұсыныс айтуда.

Бір адамға Жер кодексі бойынша, 6 шаршы метрден кем берілмеу керек деген. “Бірақ қанша метрге дейін берілсін деген заң жоқ. Осы стандартты ұстау үшін қазір ұсыныс жасап жатырмыз. Біз ұсынып жатқан стандартымыз қабырғаның биіктігі - 1 метрден аспасын. Төрт құлағы - 1,5 метрден аспасын. Басына қоятын тас екі метрден аспасын, сосын айналасына тратуарный плитка қойып жатыр ғой. Сол тратуарный плитка жарты метр 60 см аспаса болды", - деді арнайы қызметкөрсету бюросының орынбасары Нұрболат Әбдірахманов. 

Мәйітті жерлеп, басына құлпытас қоюдың жаңа стандарттардың бекітуді Діни басқарма да қолдайды. Ғұламалар кеңесі бастапқы алғышарттарын да жасап қойыпты.

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасында Ғұламалар кеңесі бар. Сол жерде біздің еліміздегі мұсылман зиратының ережесі мен талабы туралы құжат қабылданған. Сол құжатта зираттың барлық тәртібі, ережесі талабы, бәрі егжей-тегжейлі көрсетілген. Бұл құжат үстінде тағы жұмыс жасап жатырмыз. Практика жүзінде ақырындап зираттарға енгізу ойымыз бар", - деді ҚМБ шариғат және пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов. 

Діни басқарма Ритуалды агенттіктердің әрекетін де сынға алды. Қайтқан адамды жерлеудің жөн-жоралғысын әлгілер жарты миллионға бағалайды екен. Бейітті көтеру болса, тіпті, бірнеше миллионнан асып жығылатын көрінеді.

Діни басқарманың мәліметінше, елімізде 4195 зират бар. Оның 34 пайызы қоршалмаған, яғни, қараусыз қалғандай. Ал, Құдайдан қорықпайтындар қорым тонаудан тайынбауда. Астанадағы зираттарда күзетшілер болса да, ұрлық-қарлық тыйылар емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары