$ 494.87  520.65  4.91

Болат Бақауовқа қатысты тергеу сотының шешімі шықты

5-тен 10 жылға дейін сотталады және қандай да бір лауазымды атқаруға тыйым салынады.
фото: коллаж Skifnews.kz
фото: коллаж Skifnews.kz

"Қызметін пайдаланып, талапқа сай келмейтін нысанды қымбат бағаға сатып алған" деген күдікпен ұсталған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды. Бұл шешім Павлодардың мамандандырылған тергеу сотында қабылданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болат Бақауовқа Қылмыстық Кодекстің 362 бабы 4-ші бөлігі үшінші пункті бойынша қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр. Бұл баптар өзіне және өзге азаматтар мен ұйым үшін пайда табу мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дегенді білдіреді. Осындай қылмысқа барғаны үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін сотталады және қандай да бір лауазымды атқаруға тыйым салынады.

Прокурор Рустам Сәдуақасов соттан Болат Бақауовты екі айға немесе 16 наурызға дейін қамауда ұстауды сұраған. Өйткені, экс-әкім бостандықта жүрсе, жазадан қашып  немесе тергеу жұмыстарына кедергісін тигізуі мүмкін екен.

 Ал күдікті Болат Бақауов болса, соттың өзіне тағып отырған айыбымен келіспейді.

 Осыдан бұрын, 2018-2019 жылдар аралығында Баянауыл аудандағы жол құрылысының мердігері болған үлестес тұлғадан ауданы 324 м2 бос ғимаратты бюджет қаржысы есебінен тым қымбат бағаға – 240 миллион теңгеге сатып алғаны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары