$ 494.87  520.65  4.91

«Ислам мемлекетінің» сапында соғысқан тәжік командирі зейнетке шықты

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының сапына өтіп кеткен тәжік командирі Гулмурод Халимов ауыр жарақат алып, зейнетке шықты деп хабарлайды «Азия-Плюс». Мұндай ақпаратты тілшілерге Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода таратқан.

Естеріңізге салайық, 2015 жылдың мамыр айында арнайы жасақ офицері Халимов лаңкестік ұйымның сапына өтіп кетіп, Сириядан бір-ақ шыққан болатын. Ол Тәжікстан билігін кәпірлер және жемқорлар деп айыптап, интернетте бейнероликтер жариялады. 

Ішкі істер министрінің айтуынша, Гулмурод Халимов қарулы қақтығыстардың бірінде жарақат алып, соғысуға жарамай қалған. Соның салдарынан ұйым басшылығы оны зейнетке шығарыпты. Қазір офицер Сириядағы елдімекендердің бірінде 100 доллар зейнетақымен өлместің күнін көріп отыр деді Р.Рахимзода.

Министр таратқан хабарламада көрсетілгендей, Сириядағы лаңкестік ұйымның сапында мыңнан астам тәжік азаматы соғысып жүр. Бүгінде 156 тәжік ұсталып, 61-і елге өз еріктерімен оралған. Ал, 147 азамат сол соғыста қаза тауыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары