$ 494.87  520.65  4.91

"Нұрбанк" күзетшісі "орыс рулеткасын" ойнаймын деп өзін атып алды

"Нұрбанктің" Қарағанды қаласындағы филиалының күзетшісі өткен түні "орыс рулеткасын" ойнаймын деп өз-өзін атып алды. Бұл туралы "Диапазон" газеті жазады.

Ауруханаға ауыр халде түскен ол аман қалыпты. Есін жинағаннан соң "ойнаймын деп от басқанын" айтты және ажалмен ойнап көргісі келгенін де жасырған жоқ.

Күзет фирмасының директоры Валерий Горожанкиннің айтуынша, банк филиалында түнгі күзетте қалған 20 жастағы күзетші тапаншаның бес оғын алып тастап, тек біреуін ғана қалдырып, өзінің басынан атқан. Ашық ми жарақатымен облыстық ауруханаға түскен күзетшінің жағдайы қазір бір қалыпты. 7-10 күндей ем қабылдаған соң ол күндізгі ем қабылдау бөліміне ауыстырылмақ. Бірақ, көпті көрген дәрігелердің өзі бұл жағдайға жағаларын ұстап оты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары