$ 444.22  476.38  4.82

9 жастағы қыз артынан ерген педофилді алдап соқты (ВИДЕО)

Ер адам кіреберіс есіктің ашылғанын естігеннен кейін артқа қарай жүреді.

Желіде 9 жастағы қыздың артынан бөгде ер азаматтың үйіне дейін жүріп келген видеосы тарады. Оқиға Мәскеу облысында болған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған видео тұрғын үйдің бейнекамерасына түсіп қалған. Бейтаныс ер адам кішкентай қыздың соңынан ілесіп келеді. Кішкентай қыз кіреберіске кіріп, біршама жүргеннен кейін қуысқа бұрылып кетеді. Мұны артында келе жатқан ер адам байқамай қалған. Сөйтіп, лифтке қарай өтіп кетеді.

Ер адам кіреберіс есіктің ашылғанын естігеннен кейін артқа қарай жүреді. Осы уақыттың ішінде 9 жастағы қыз далаға шығып үлгереді. Ал бірнеше секундтан кейін танысымен үйге кіреді.

Желі қолданушылары кішкентай қыздың батыл әрекетіне таңданысып жатыр.

Қызды аңдыған ер адамның да кім екені анықталды. Ол психоневрологиялық диспансердің тіркеуінде болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Педофил