Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі, Парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев (Aisultan Rakhat) facebook парақшасында қызықты, ойландырарлық жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында әлемдегі жағдай мен шындық айтқан адамға көпшіліктің қалай қарайтыны туралы жазған.
"Адамдар, менің жағдайым өлердей қиын болса да мен әрдайым шындықты айттым! Мен теледидарда кез келген бүкіл әлемнің ұлттық теледидары көрсететін елесті емес, әлемде болып жатқан оқиғаларды көрсетуге және айтуға дайынмын!
Бірақ, ол әлемдегі барлық мемлекеттік телеарналар көрсетіп жатқан иллюзияны емес. Мен қазір біздің отбасымызда не болып жатқанын айтпайтын болдым. Магия немесе сиқыр дейме олар әлемді жаулап алды. Егер ол туралы айтсаң, саған ақымаққа қарағандай қарайды, бірақ, маған бәрібір. Мен нашақормын ғой!
Маған өте таңғаларлық жайт, бұрын барлық сиқыршылар мен дуагерлерді өртегені олар үшін жаза болып саналғаны. Қазіргі уақытта біз тіпті, бұл туралы айтуға қорқамыз, себебі бізді жындыханаға жатқызып тастауы мүмкін. Құдай менен адамзат егер мұны тастамаса, әлем тоқтап қалатынын жеткізуімді сұрады", - деген Айсұлтанның тың ойына қатысты желіде пікір білдірушілердің қарасы қалың.