$ 443.85  474.3  4.8

ҰБТ сертификаттары жоқ студенттерді оқуға қабылдаған екі университеттің лицензиясы тоқтатылды

Аталған университеттерде білім беру үрдісі толығымен сапалы профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілмеген.
Фото: kstnews.kz/news
Фото: kstnews.kz/news

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі тапсырмасын орындау аясында ҚР білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының сапалы мамандар даярлауды қамтамасыз ету бөлігіне мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz. 

Бүгінгі күні Орталық Азия университеті мен Қазақстан теңіз университетінде білім беру саласындағы заңнама талаптарында бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ҰБТ-ның шекті балын жинай алмаған немесе ҰБТ сертификаттары жоқ, сондай-ақ, түсу емтихандарының нәтижесі жоқ талапкерлерді қабылдау жағдайлары орын алған.

Аталған университеттерде білім беру үрдісі толығымен сапалы профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілмеген. 

Нәтижесінде түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие болмай қалады. Кадрларды даярлаудың көптеген бағыты бойынша жұмысқа орналасу пайызы белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, яғни 50%-дан кем.

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 2019 жылғы 3 желтоқсанда аталған ЖОО лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы қаулы қабылдады. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының комитет шешімдеріне шағымдануы бойынша сот процестері жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары