Алматыда Орталық Азия елдерінің әуе компаниялары басшыларының, соның ішінде Air Astana, QAZAQ Air және SCAT (Қазақстан), AviaTraffic (Қырғызстан), Somon Air (Тәжікстан) және AZAL (Әзірбайжан), сондай-ақ ИАТА (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) өкілдерінің қатысуымен 2-ші дөңгелек үстелі өтті. Қатысушылар авиацияны дамыту перспективаларын, әуе қатынасы бойынша Еуропалық Одақтың стратегиясы мен нормативтік-құқықтық базасы, әуежай алымдары және API-PNR жолаушылары туралы деректер жүйесі мәселелерін талқылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Дөңгелек үстел барысында қазақстандық авиациялық билік орындары ТМД елдерінде алғаш рет енгізілген «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құру арқылы саланы реттеудің жаңа тәсілін таныстырды, оған ИАТА өкілдері мен авиациялық сарапшылар оң баға беріп, Қазақстан Орта Азия елдерінің арасында бірінші болып осындай тәсілді іске асыратынын атап өтті», - делінген ИИДМ хабарламасында.
Дөңгелек үстел аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасының ИАТА аймақтық басшысы Раймондс Грунтиспен кездесуі өтті, онда 2020 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды ауысатыны расталды. Қазіргі уақытта тиісті рәсімдер жүргізілуде.