$ 489.06  536.21  5.05

Парламент «Бәйтерекке» қатысты жаңа заң қабылдады

Қазақстандық тарап "Зенит-М" кешенінің жерүсті инфрақұрылым объектілерін жаңғыртуға 233 миллион доллар жұмсамақ. Ресей тарапы "Союз-5" зымырандарының өндірісіне 916 миллион доллар жұмсауды жоспарлап отыр.
Фото:  коллаж Skifnews.kz
Фото: коллаж Skifnews.kz

Сенат "2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Хаттамаға Мәскеуде 2018 жылдың 22 тамызында қол қойылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputniknew.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық тарап "Зенит-М" кешенінің жерүсті инфрақұрылым объектілерін жаңғыртуға 233 миллион доллар жұмсамақ.

"Алғашында жобаны ресейлік "Ангара" зымыран негізінде іске асыру жоспарланған болатын. Бірақ, Ангара зымыраны дайын болмаған соң тараптар жобаны іске асырудың əр түрлі нұсқасын қарап, талдау жасады. Мəселені пысықтай отырып, жобаны "Союз-5" зымыран негізінде орындау туралы шешім қабылданды", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Ресей зымыран жасау үшін жауапты болса, Қазақстан жерүсті инфрақұрылымы үшін жауап береді.
Ресей тарапы "Союз-5" зымырандарының өндірісіне 916 миллион доллар жұмсауды жоспарлап отыр.

"Жаңғырту мақсатында 2018 жылы Байқоңыр айлағының 42, 43 жəне 45 алаңдарында орналасқан "Зенит-М" кешенінің 243 нысаны Қазақстан тарапына берілді. Қазақстан тарапы Зенит-М кешенін жерүсті инфрақұрылым нысандарын қайта жаңарту мен жаңғыртуды жасайды. Стартты жəне техникалық кешендерді жаңғырту, жұмыс істеп тұрғандарын күрделі жөндеу жəне қайта жаңарту, сондай-ақ, жерүсті ғарыш инфрақұрылымының жаңа нысандарын салу жұмыстарын жүргізеді. Осы жұмыстар 233 миллион доллармен бағаланады", - деді Жұмағалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары