$ 494.87  520.65  4.91

Ирандықтар Аятолла Хомейни немересін билікке жібермеді

Ирандағы ислам революциясының көсемі Аятолла Хомейнидің немересі Хасан елдің Сарапшылар кеңесіне мүшелікке өте алмай қалды. Ол Конституция кеңесінің күзетшілерімен болған әңгімелесуден кейін жұмысқа қабылданбапты. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

43 жастағы ұлының ел билігіне өте алмағанына қынжылған әкесі Ахмад бұл туралы Инстаграмдағы өз парақшасында жазды. 

Сарапшылар кеңесіне сайлау осы жылдың ақпан айында өтеді. Дауыс беруге бүкіл халық қатысады. Батыс БАҚ-ның дерегінше, Хасан Хомейни реформатор ретінде танымал тұлға және елдің экс-президенті Мұхаммед Хатамидің жақын досы. 

Айта кететін жайт, сарапшылар Кеңесі ел билігін тағайындайтын және оның міндетін уақытша атқара алатын жоғары орган. 

Дереккөздердің мәліметінше, қазіргі президент Хасан Рухани мен оның жақтастары батыспен жасалған келісімшарт нәтижесінде жинаған беделдерін пайдаланып, парламент пен Сарапшылар кеңесінің бір күнде болатын сайлауында жеңіске жетеміз деген үмітте екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары