$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекетке 500 млн теңге шығын келтірген кәсіпкерлер сотталды

Петропавл қаласыны соты жалған кәсіпкерлікпен айналысқан А.Мазин мен А.Речутаны мемлекетке 466 252 528 теңге шығын келтірген үшін соттады. Бұл туралы "Total.kz" хабарлады.

Белгілі болғандай, 2009-2014 жылдар аралығында екі айыпты «Фирма БрусРесурс», «Мелюр», «ТД Вадман», «Рау-ТАН» компанияларын құрып, жалған кәсіпкерлік арқылы салықтан жалтарып, мемлекет қазынасына қыруар шығын келтірген. 

Екеуінің айыптарын бұлтартпаған сот А.Мазинды - 4 жылға, А.Речутаны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың дүние-мүліктері тәркіленіп, жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары