$ 447.4  477.55  4.76

ШҚО-ның тағы 3 мектебінде карантин жарияланды

Алтайда жалпы алғанда сегіз мектеп бар.
Фото: mordovmedia.ru
Фото: mordovmedia.ru

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында 582 оқушы жедел респираторлық-вирустық инфекцияларын (ЖРВИ) жұқтырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы YK-news.kz-ге сілтеме жасап.

28 қаңтар мен 3 ақпан арасында №1 бастауыш мектебі мен №9, №11 мектептерде карантин жарияланды. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметі бойынша, оқу орнында балалардың 30 пайызы сырқаттанса, карантин жарияланады. Алтайда жалпы алғанда сегіз мектеп бар.  

Еске салайық, 25-31 қаңтар арасында №6 және №8 мектептерде карантин жарияланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары