2020 жылғы үлгідегі номиналдық құны 200 (екі жүз) теңгелік монеталар айналымға шықты. Номиналы 200 (екі жүз) теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және айналыстан табиғи тозу жағдайына қарай алынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық банк 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналдық құны 200 (екі жүз) теңгелік биколорлы айналыстағы тиындарды айналысқа шығарады. Монеталардың дизайны Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 аралығында бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалды. Биколорлы айналыстағы монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркемдік элементтерінің үйлесімі көрініс тапқан.
Биколорлы айналыстағы монеталардың сипаты: монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген.