Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірін өзін қалалық газ бөлімінің қызметкерімін деп таныстырған қылмыскер тонап кетті. Ол пәтерде емшектегі баласымен қалған әйелді қорқытып, сәбидің басына тапанша тақаған соң, үй иесі қолындағы бар мүлкін берген. Бұл туралы "Тумба" порталы жазды.
Аталған оқиғадан соң жергілікті тәртіп сақшылары қарақшының фотороботын жасап, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полициядағы дереккөздердің мәліметінше, күдікті Өзбекстаннан келген мигрант. Ол бұрыннан полицияның деректер базасында тіркеуде тұрған екен. Тоналған үйдің ауқатты тұратынын білген. Тіпті, қылмысты оның сыбайластары жасауы да мүмкін деген жорамалдар жасалуда.