$ 494.87  520.65  4.91

«Идите!»: езуіне темекі қыстырған Bek Air басшысы тілшілерді итеріп жіберіп, тұра қашты (ВИДЕО)

Кеше жерленген ұшқыштың отбасына әуе компаниясы тарапынан көмек көрсетіле ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Алматыда әуе апатының жалғыз куәгері – ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың денесі жер қойнына тапсырылды. 54 жастағы азаматты ақтық сапарға әріптестері, достары мен жақындары шығарып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қаралы жиынға қатысқандар марқұмды өз ісін сүйетін еңбекқор әрі ақкөңіл адам болған деп еске алды.

«Мектептен соң Ақтөбенің ұшқыштар училищесін бітірген. Содан ұшқыш болды. Алматыда қанша жылдан бері ұшқыш болып істеген. Жұмысын қатты жақсы көретін. Отбасына адал, бала-шағасына қарайтын. Жора-жолдасқа да адал жігіт болды», - дейді сыныптасы Нұржамал Қасымова.

Еске сала кетсек, Мейіржан Молдақұлов ұшақ апатынан кейін басынан, жамбасы мен омыртқасынан ауыр жарақат алған. Кейін оған бірнеше ота жасалып, дәрігерлер ұшқышты үйіне жіберген болатын. Алайда, ауруханадан жазылып шыққан азамат арада апта өтпей қайтыс болды. Марқұмның артында жұбайы мен екі қызы қалды.

Бұл отбасына Bek Air тарапынан көмек көрсетіле ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Ал марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға келген компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов езуіне темекісін қыстырып алып, сұрақ қойған тілшілерді «Идите!» деп итеріп жіберді де, алды-артына қарамай тұра қашты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары