Жақында ғана отбасылық суреттерін желіге жүктеген Әлия Назарбаева соңғы кездері жеке қызығушылықтарын халыққа жария қылуға құмартып жүрген секілді. Ілім-білім жинаудан да құр қалмаған ол, Instagram парақшасында қандай кітаптарды оқитынын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Экс-президенттің қызын ежелгі өркениет пен мәдениет, тарих әлемі қызықтырады екен.
"Менің жазылушыларым маған жиі «Сіз не оқисыз» деген сұрақ қояды. Қазіргі уақытта Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясын қайта оқудамын. Есее келе көптеген шығармалар жаңаша жағынан ашылады. Тарих тақырыбы маған әрдайым жақын болды, мен ежелгі өркениеттердің тарихи сюжеттерімен әуестендім: Мысыр, Ежелгі Рим, Ежелгі Вавилон және т.б. Соңғы жылдары біздің тарихымызды оқып, зерттеуге тырысамын. Көшпенділер мен даланы қоныстаған тұрғындардың тұрмысы, әдет-ғұрпы мен ұстанымдары...
"Қазіргі уақытта өз тілі мен әдебиетін білмейтін және бағаламайтын адам толыққанды зиялы тұлға болып саналмайды. Өйткені, ол қандай мамандықты иеленсе де, рухани тұрғыдан бір жақты азамат болып қала береді. (М. О. Әуезов)", - деп жазды тарихын терең зерттеуге тырысатын экс-президенттің қызы.
Естеріңізде болса, Әлия Назарбаева желіге отбасылық суреттерін жүктегені туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. Әлгі суретке ол күйеуі және екі қызымен бірге түскен.