Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы жанұясымен түскен суретін жариялады. Аталмыш фотода Әлия Назарбаева күйеуі және екі қызымен бірге тұр, деп жазады NUR.KZ.
Назарбаева отбасылық суретімен Instagram желісінде бөліскен. Онда елбасының қызы жолдасы мен екі перзентімен бірге шырша маңында тұр.
«Егер адам бойына ата-анасының махаббатын сіңірген болса, біреуді сүйіп, біреудің сүйіктісі болу – оның тағдыры болмақ. Сурет отбасылық мұрағаттан» деп жазды Әлия Назарбаева.
Тұңғыш президенттің кенже қызы бұған дейін желіде өз ата-анасы мен әпкелерімен түскен суреттерін көпшілік назарына ұсынған болатын. Оған қоса, Әлия Назарбаева желіде әкесі жайлы жазба жариялап, оның тегінде жүргенін мақтан тұтатынын жеткізген болатын.
Елбасының қызы қазақстандықтарды мереке күндерімен құттықтап тұруды да ұмытпайды. Мәселен, ол 21 қаңтар күні барша отандастарын құшақтасу мейрамымен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірген болатын.
Назарбаева көпшілікті ішіндегі сезімдерді жасырмай, керісінше, оларды айтып үйренуге шақырған.