$ 494.87  520.65  4.91

«Кеңірдегін қиып жіберген»: сұлулық салонындағы сорақылық

Бұрынғы әйелін клиенттің көзінше пышақтап тастаған.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Ажырасқан әйелінің соңынан қалмай қойған азамат жантүршігерлік қылмыс жасады. Ол сұлулық салонында жұмыс істейтін бұрынғы келіншегін жұмыс орнында пышақтап тастады. Кейін өзінің кеңірдегін қиып жіберген. Екеуі де қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Astana.tv-ға сілтеме жасап.

Фото: скриншот

Оқиға куәгерінің сөзінше, сұлулық салонындағы сұмдық жайт 30 қаңтарда сағат 16:00 шамасында болыпты. Бастапқыда 52 жастағы кісі әйелді оңаша сөйлесуге шақырыпты. Оған көнбеген соң ішке еніп, клиенттің көзінше маникюр жасайтын шеберді пышақтап тастаған. Кейін өз-өзіне пышақ сермепті. 

 "Айғай-шуды ести сала, алғашқы болып мен жүгіріп бардым. Күдікті бері қарады да, орындыққа отыра кетті. Кеңірдегін қиып жіберген екен. Әйелге алғашқы көмек көрсетіп, дәлізге алып шықтық. Дереу жедел жәрдем шақырттық", - дейді оқиға куәгері Илья Подоплелов

 Бұрынғы күйеуінен жапа шеккен қырық жастағы келіншектің денесінде пышақ жарақаттары бар. Кеңірдегінен жарақаттанған. Қазір облыстық ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатыр. 

Полицейлердің мәліметінше бұрынғы ерлі-зайыптылар 2013 жылы ресми түрде ажырасқан. Кейін қайта татуласып, бірнеше мәрте араздасып, қосылып жүрген. Ерінен жәбір көрген әйел екі рет полицияға шағымданыпты. Экс-ерлі-зайыптылар ажырасса да, күдікті бұрынғы сүйіктісінің ізінен көлеңке сияқты қалмай қойған екен.

Қазір полиция «Адамды қасақана өлтіруге оқталу» және «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сондай-ақ, күдікті жансақтау бөлімінде жатқанына қарамастан арнайы күзет қызметкерлерінің бақылауында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары