$ 498.34  519.72  4.85

Тәжікстан мемлекеті ең ірі мешіттің бірін кинотеатрға айналдырды

Соңғы үш жылда Тәжікстан билігі мешіттерден мейрамхана, тоқыма зауытын және балабақшалар жасаған.

Тәжікстандағы екінші ірі қаланың билік өкілдері елдегі ең ірі мешіттің бірін кинотеатрға айналдырды, деп жазады Bugin.kz.

Соғды облысындағы Худжанд қаласындағы Нури Ислом мешіті Тәжікстанда соңғы 3 жылда "талапқа сай емес" деген желеумен жойылған діни орталықтардың бірі. Соңғы үш жылда Тәжікстан билігі мешіттерден мейрамхана, тоқыма зауытын және балабақшалар жасаған. 5 мың адам сиятын Нури Ислом мешітінен кинотеатр жасауды жөн деп тауыпты. 

Соғды облысының мәдениет департаментінің басшысы Бахтиер Косимов "кинотеатр жетіспегендіктен осындай қадамға бардық" деп жауап берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары