02.02.2020, 16:20

«Нашар ұйымдастырылған спектакль» - анализ тапсыра алмай сандалған тұрғын

Ұлттық сараптама орталығында жеке тұлғалардан сараптама алуға тыйым салынғанын айтты.

Пекинь қаласынан Қазақстанға ұшып келген қызын қарсы алуға барған Евгения Юрченко есімді келіншек жолаушыларды күтіп аларда коронавирусқа қарсы қауіпсіздік шараларының сапасы төмендігін айтып шамданды. Оның айтуынша, қауіпті вирурсқа қарсы жіті бақылау жоқ көрінеді. Бұл туралы Евгения Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Алдымен қызым ұшып келген ұшақта (жолаушылардың жартысынан астамы қытайлықтар) болды. Жолаушының температурасын тексермей, "нашар ұйымдастырылған спектакль" көрсетті. Олардың өзін қалай сезінетіндігі, аурудың қандай да бір белгілері бар ма, оны сұрамаған, тіпті, қызықпапты! Жалпы жолаушылар туралы ақпарат алу үшін анкета таратты. Екіншіден, коронавирус білінбей өтуі мүмкін болғандықтан, біз өзіміз қан тапсыруға шешім қабылдадық. Әуежайдан бірден Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 3 мекенжайында орналасқан Ұлттық сараптама орталығына бардық. Ұлттық сараптама орталығында жеке тұлғалардан сараптама алуға тыйым салынғанын айтты. Сондықтан, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберді. Ол жақта бізден қан алып, нәтижесін Ұлттық сараптау орталығына жіберетінін айтып шығарып салды", - дейді сарсаңға түскен тұрғын.

Инфекциялық мекемеде олар коронавирус бойынша кеңес беретін орталықтың телефон нөмірін көріп қалған екен. Содан 1406 нөміріне хабарласқан. Телефон тұтқасын көтергендер оларды мұқият тыңдап, кез келген жеке медициналық мекемеге баруға кеңес беріпті. Ал жекеменшік медициналық мекемеде қан тапсыру үшін ақша төлеу керек екен. Мұнан кейін, олар "Достармед" клиникасына барып, терапевтке жолдама алыпты. Маман болса, Алматы қаласындағы жекеменшік медициналық мекемелердің ешқайсысында да қанда вирус бар-жоғын анықтап беретін мүмкіндік жоқ екендігін алға тартқан екен.

 

Тегтер: коронавирус