$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 100-ге жуық әйел 24 сағат ішінде зәбір көреді (ВИДЕО)

Зорлады, тонады, ұрып соқты, қорлады, зәбір көрсетті, арын таптады. Соңғы уақытта осындай жаңалықтан көз ашпайтын болдық. Жоғарыдағы мысалдар оның бір парасы ғана.

Қазақстанда сағатына 4 әйел зорлық көреді. Америкалық ғалымдар жүргізген зерттеуге сенсек, қыз-келіншектердің қауіпсіз өмір сүруі бойынша еліміз 72 мемлекеттің ішінде ең соңғы орынға жайғасыпты. Тіпті әлеуметтік жағдайы нашар Африканың кей елдерінің өзі рейтингте біздің алдымызда тұр екен. 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

"Бәріне өзің кінәлісің деп, мені күнде ұрып соғатын. Ішіп келіп ұратын", "Менде жас болдым, менің де қателігім шығар. Бала үшін деп. Шыдап келдім бәріне. Басымнан ұрды қатты. Басым ауырып жүрді", "Олар маған күн көрсетпейтінін айтты. Қазақстанда. "Саған қатысты әртүрлі өсек таратамыз, мазаққа айналасың" деді", - деп ашынды зәбір көргендер.

Зорлады, тонады, ұрып соқты, қорлады, зәбір көрсетті, арын таптады. Соңғы уақытта осындай жаңалықтан көз ашпайтын болдық. Жоғарыдағы мысалдар оның бір парасы ғана. Оған сандар да куә. 24 сағаттың өзінде елімізде жүзге жуық қаракөзге зәбір көрсетіледі екен. Салдарынан әлем бойынша әйелдердің тұруы үшін ең нашар елдердің ішінде анти үздіктердің қатарына еніппіз. Мұны америкалық ғалымдар анықтаған. Жалпы зерттеуге әлем бойынша 73 елдің азаматшалары қатыстыпты. Бәріне бірдей сұрақтар қойылып, сауалнама жүрігізіліпті. Нәтижесінде:

Әйелдер үшін ең қауіпсіз елдердің алғашқы үштігін Дания, Швеция мен Нидерланды бастаса, көш соңына Мьянма, Қазақстан мен Тбилиси жайғасыпты.

Ащы судың әлегі, жұмыссыздық мәселесі, тұрақты баспананың жоқтығы - осының барлығы еркектер тарапынан нәзік жандарға көрсетілетін зорлықтың негізгі тетіктері дейді, сарапшылар. Алайда жығылғанға жұдырық болған жаңа заңды өздері де түсінбей-ақ қойды. Еске салсақ, ол құжатта ер адамдар әйелдерін ұрған жағдайда, жауапкершілікке тартылмайды деп өзгертілген.

"Барлығының көңілі қалды. Сөйтсек, бұл өзгерістерді ақыры комиссия қабылдаған екен. Үкіметтік емес ұйымдардың, депуттатардың, сондай-ақ ең бастысы зорлық-зомбылық құрбандарының пікірін жинап, содан кейін ғана осындай заң қабылдау керек деп ойлаймын. Тіпті арнайы жұмыс тобының құрылғаны жөн", - деді "Не молчи" қозғалысының басшысы Дина Смаилова.

Сарапшылар сөзінің жаны бар. Өйткені көп қаракөзіміз көшеге жалғыз шығуға да қорқатын болыпты. Оған сауалнама арқылы көз жеткіздік.

"Қорқынышты, әрине қорқынышты"

"Әрине қорқасың. Қазір түнде жүру мүмкін емес қой"

"Әрине қорқасың. Қазір әр түрлі жағдай болып жатыр ғой. Тіпті жалғыз жүргеннен емес, тіпті өзінің өгей әкесінен де көріп жатыр ғой"

Айтпақшы, америкалық ғалымдар тағы бір зерттеу жасапты. Еліміз бала тәрбиесінен әлем бойынша тағы соңғы орындардың біріне жайғасыпты. Алайда, несін сұраймыз? Қорғансыздың күнін кешіп жүрген қыз-келіншектер өз баласына қандай тәрбие берсін?!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары