$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттік қыз құлаққаптың кесірінен пойыздың астына түсті

Алматы-Шымкент бағытындағы Отырар пойызы теміржол жағасын бойлаған қызды қағып кеткен. Салдарынан 20 жастағы қыз қайтыс болды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Әйгерім есімді бойжеткен тыйым салынған жерден теміржолды кесіп өткен. Жәбірленуші сол маңайдағы ірі сауда орталығында жұмыс істейтін болып шықты. Белгілі болғаны — қаза болған азаматша Мақтаарал ауданының тумасы екен.

Қатты соққыдан жәбірленуші 20 метрдей жерге ұшып кеткен. Айта кету керек, мұнда теміржолды кесіп өтуге кедергі болатын қоршаулар орнатылған. Бірақ жергілікті тұрғындар оның бір тұсын қиып тастап, арнайы орын қалдырыпты.

Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен құлаққаппен жүріп, ауыр техниканың дыбысын естімей қалған болуы мүмкін. 2015 жылдың өзінде осы маңда 11 адам пойыздың астына түсіп, мерт болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары