$ 494.87  520.65  4.91

Жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналасқысы келген алаяқ сотталды

Оның заңсыз әрекетін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері әшкереледі.

Өскемен қаласында жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналаспақ болған ер адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылдың қыркүйек айында айыпталушы Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде «Қаржы және несие» мамандығын бітіргендігі туралы жалған дипломмен Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жұмысқа тұрмақ болды. Оның заңсыз әрекетін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Анықталғандай, сотталушы жалған дипломды 2005 жылы жасатқан», – деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметі. 

Сот үкімі бойынша 38 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 385-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 75 750 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Диплом дауы