$ 514.65  544.6  5.17

«Әйелдер күйеулерінің рұқсатынсыз аборт жасатпауы керек» - Мәжіліс депутаты

Жыныс органдарының қабынуға әкелуі мүмкін, асқыну деген тағы бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне көз жүгіртсек, жылына 30 мың сәби аборт салдарынан дүние есігін ашпай көз жұмады екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Евразия 1"-ге сілтеме жасап.

Осы орайда, мәжіліс депутаты Магеррам Маггерамов: "Қазақстандық әйелдер күйеулерінің рұқсатынсыз аборт жасатпауы керек!", - деп дабыл қағуда.

Оның ойынша, жатырға біткен болашақ сәбидің өмірі үшін ерлі-зайыптылардың екеуі де жауапты.

«Мен осындай ұсыныс жасадым. Мемлекеттік орган тіркеген заңды некеде тұрған әйел түсік жасату мәселесін жолдасымен ақылдаса отырып жасату дегенді ұсындым. Себебі, неке және отбасы туралы заңда неке куәлігін алғаннан кейін, ер мен әйел тең құқық пен жауапкершілікке ие болады делінген. Онда барлық мәселе ортақ шешілу керек деп жазылған. Яғни, денсаулық кодексіндегі заңдар неке туралы заңға қайшы келіп тұр", - дейді аборт мәселесінде жанайқайын жеткізген депутат.

Ал, гинеколог Нұржамал Өтемұратова болса, түсік жасату әйелдердің болашақта ана болуынаа кері әсерін тигізуі ықтимал деп шырылдайды.

"Аборт жасататындардың үлес салмағы жыл сайын өсіп бара жатыр. Оны мойындау керек. Аборт жасау бірінші  -  жыныс органдарының қабынуға әкелуі мүмкін, асқыну деген тағы бар. Сол жағы болу мүмкін. Екіншісі ол - бедеулікке бедеулікке әкелуі мүмкін. Болашақта ана болуына кедергі болуы мүмкін", - деді  гинеколог. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары