06.02.2020, 14:20

Стамбулдағы ұшақ апаты: зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар бар

Фото: REUTERS / MURAD SEZER
Бас консулдық жағдайды өз бақылауына алды.

Түркияның Стамбул қаласындағы әуе апатынан Қазақстанның екі азаматы жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 ақпанда жергілікті уақытпен шамамен 18.00-де ұшақтың Стамбул әуежайына қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетуі салдарынан Қазақстанның екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген", деп мәлімдеді Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығынан.

Бас консулдық жағдайды өз бақылауына алды. Қазақстан азаматтарына тиісті көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда Стамбул қаласындағы Сабихи Гөкчен атындағы әуежайға қонған Pegasus Airlines әуе компаниясының Boeing-737-800 ұшағы үшке бөлінді. Лайнер әуежайға қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Тегтер: Ұшақ апаты