Мемлекет қарауындағы компанияның қызметкерлері жанар-жағармай талондарын қолды қылған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Тotal.kz порталы жазады.
Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта: "компаниядағы кей қызметкерлер жалған бухгалтерлік есеп-қисап арқылы біршама талонды қолды етіп келген. Нәтижесінде компания бюджетіне едәуір шығын келді" делінген.
Ішкі тексерістер нәтижесінде жинақталған мәліметтер Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу құпиялылығына сай, күдіктілердің қызметі мен аты-жөндері айтылмай отыр.