$ 449.58  486.94  4.86

Кристина Кук ғарыш айлағына барған әйелдердің рекордын жаңартып, Жезқазғанға қонды (ВИДЕО)

Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметінше, ғарышкерлердің бәрі қазір өз елдеріне қайтқан.

Роскосмос өкілі Александр Скворцов, италиялық Лука Пармитано және NASA ғарышкері, америкалық Кристина Кук отырған капсула Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтықтықтағы жерге қонды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ғарышкерлерді күтіп алу сәтінің видеоларын NASA, Роскосмос ұйымдары, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі жариялады.

Америкалық ғарышкер Кристина Кук Халықаралық ғарыш станциясында 328 күн, 14 сағат болып, әйелдер арасында рекорд орнатты. Бұған дейін дейінгі рекорд ғарышта 288 күн өткізген Пегги Уитсонға тиесілі болатын. Куктың ХҒС-да алғаш рет болуы ұзақмерзімдік ғарыш сапарының әйел ағзасына қалай әсер ететінін бақылауға мүмкіндік берген.

Ал Александр Скворцов пен Лук Пармитаноның сапары 200 күн, 16 сағатқа созылған. Роскосмостың хабарлауынша, қазір экипаж мүшелерінің бәрінің жағдайы жақсы. Оларды қондырып, күтіп алуға 200 адам, 12 Ми-8МТВ5-1 тікұшағы, 3 АН-12 және 4 АН-26 ұшағы мен 20 арнайы техника қатысқан.

Кристина Кук жергілікті телеарнаға берген сұхбатында Қазақстанға қайтып қонуы мүмкін екендігін айтты.

«Сапарымның өзіме ұнайтын жері – бұл халықаралық жұмыс. Бәріне қонақжайлылығы үшін рақмет айтамын. Болашақта осы жерде тағы да боламын деп үміттенемін», - деген ол.

Александр Скворцов та алғысын білдірген.

«Біздің жұмысымызды ұйымдастырғандардың бәріне көп рақмет. Жұмыс кәсіби түрде, өте жоғары дәрежеде орындалды», - деп айтты ғарышкер.

Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметінше, ғарышкерлердің бәрі қазір өз елдеріне қайтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары