$ 524.65  552.19  5.14

«Ассамблеяны тарату керек!»: ҰҚСК мүшесі ұлтаралық мәселеге үн қоспайтын ұйымның болғанына қарсы

"Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді" деген мақал бар", "Дұрыс, мына дымға керек емес ассамблеясын таратып жіберу керек", - деген пікірлерді қарша боратқан желі қолданушылары қоғамдық түйткілге немқұрайлы қарамайтындықтарын білдірді.

Кез келген қоғамдық резонанс тудырған мәселеде үнсіз қалмайтын Мұхтар Тайжан кеше Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылында болған оқиғаға байланысты пікір білдірді. Азаматтық позициясын жасырып қалмайтын қоғам белсендісі бұл жолы "Ассамблеяны таратып жіберу керек" деп білек сыбанып отыр. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

"Барлығы білетіндей, түнде Масаншы ауылында дүңгендердің қатысуымен қақтығыс пен өртеу оқиғасы болды. Бұл жерде кейбіреулер қақтығыс дүңгендер мен полиция арасындағы ұрыстан басталды деп айтады, бірақ, бұл тек қақтығыстың жалғасы ғана екені белгілі. Тас жолда 80 жастағы қазақ ақсақалы мен оның екі ересек ұлын ұрып-соққандықтан, полиция қызметкерлері дүңгендерді ұстауға тырмысып бақты деген ақпарат бар.

Ақсақалдың жамбасын балғамен сындырған, оның ұлдарын арматурамен ұрып-соққан. Қазір олар ауруханада. Мұның барлығы этникалық үлкен жанжалға тірелді.

Жап-жас дүңген жігіттері қалайша қазақ ақсақалына қол көтерді? Этносаралық, ұлтаралық келісімнің "аса көрнекті" саясаты қайда? Өздері Парламентте отырса да мемлекеттік тілді білмейтін Ассамблея депутаттары қайда?

Біреуі қасақана домбыраны сындырып, кешіріммен босатылады, екіншісі сепаратизмді қолдайды, ол да кешірім сұрап, жауапкершіліктен жалтарады. Егер үкімет қол қусырып отыра беретін болса, онда әрине, өзіндік сот болады. Бұқараны тоқтату мүмкін емес.

Қазір  ақсақалға қол көтерген адамды тауып, жазалау қажет, оған қоса, күндіз полицейлермен төбелескендерді жазалау керек. Болған оқиғаның барлығының түп-тамыры солардың әрекеттерінен кейін ушыққан.

Пайдасыз әрі жеккөрінішті Ассамблеяны таратып жіберу керек. Қазақстан - барлық азаматтар үшін бірдей міндеттері бар біртұтас мемлекет", - деді Мұхтар Тайжан Facebook парақшасында.

Парламентте отырса да мемлекеттік тілді білмейтін Ассамблея депутаттарына қарата "үндеу" жариялаған оның бұл пікірін қолдаушылардың қарасы қалың.

Фото: Азаттық рухы

Мәселен: "Мемлекеттік тілді меңгермегендерді елден қуу керек, жергілікті тілді мойындамаса, ондай қонақтар керек емес", "Дұрыс айтасыз! Үлкен адамға қол көтеріп, өлгенше ұрған дүңгендерді жауапқа тарту керек!", "Қақтығыс – жай салдары ғана, кінәлілер – ұрған адамдар. Міне, соларды барынша жазалау керек", "Дүңгендер диаспорасының жетекшісін жалған ақпарат таратып, сол арқылы араздық туғызғаны үшін жауапқа тарту керек", "Бұл – мың күннен бері сыздап келе жатқан жара. Бір-ақ күнде жарылды. Бұған билік кінәлі, ауруын жасырып келеді", "Донғандардан таяқ жеп жүрген менттарды жұмыстан шығару керек. Өзінің құқығын қорғай алмаған құқық қорғау органында жұмыс істеп қажет емес", "Мұхтар, неге сонша біздің басшылар сондай намыссыз, қорқақ?, "Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді" деген мақал бар", "Дұрыс, мына дымға керек емес ассамблеясын таратып жіберу керек" , - деген пікірлерін қарша боратқан желі қолданушылары қоғамдық түйткілге немқұрайлы қарамайтындықтарын білдірді.

Еске сала кетсек, кеше Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болғанын мәлімдеген болатын.

Қақтығыстың әртүрлі видеолары әлеуметтік желілер арқылы бірінен соң бірі тез тарай бастады. Сонымен қатар, «Қордай ауданында тұратын дүңген ұлтының өкілдері 80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматура және балғамен ұрып жаралаған» деген қауесет желдей есті. Сол үшін бүгін түнде жергілікті қазақтар әр аудан, ауылдан жиналып, кек алуға шыққан секілді.

Айтпақшы, халықтың назарын аударған жайтқа байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев  ресми мәлімдеме жасап, төбелес кезінде қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Оған қоса, «ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды» деп пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары