$ 524.65  552.19  5.14

Күннің күрт жылынуынан еліміздің оңтүстік өңірлеріне сел қаупі төніп тұр

Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары және Алматы қаласының таулы аймақтарында 9-12 ақпан аралығында таудағы қар еріп, төмен қарай құлдилауы ықтимал.
фото: kznews.kz
фото: kznews.kz

Күннің күрт жылынуына байланысты, 9-12 ақпан күндері таудағы қар еріп, беткейлі ағын қалыптасуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда күн жылынып, жылы ауа температурасы сақталып отыр. Алдағы күндері жауын-шашын болады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Осыған байланысты, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары және Алматы қаласының таулы аймақтарында 9-12 ақпан аралығында таудағы қар еріп, төмен қарай құлдилауы ықтимал. Осылайша, беткейлі ағын қалыптасу қаупі бар» делінген ТЖД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары