$ 494.87  520.65  4.91

«Бытыра көздің маңайына тиген»: ІІМ Қордайда жарақаттанған полицейлердің жағдайын айтты

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде екі аңшы мылтығы тәркіленді. Бұдан бөлек, бір травматикалық және бір пневматикалық тапанша бар.

Бүгін ішкі істер министрлігі Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бес полицейдің жарақат алғанын хабарлады. Олардың ішінде үшеуіне оқ тиген, деп хабарлайды Sputnik.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидидің айтуынша, оқ тиген үш полицей бытырадан жарақат алды. Төртіншісін тас тисе, бесіншісі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жеңіл жарақат алған.

"Оқ тиген полицейлердің жарақаты ауыр емес. Олар ауруханаға жатудан бас тартты. Біреуіне ота жасалды. Себебі, бытыра көздің маңайына тиген. Қалған екеуінің де бытырасын шығарып алды", - деді Калайчиди журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде екі аңшы мылтығы тәркіленді. Бұдан бөлек, бір травматикалық және бір пневматикалық тапанша бар.

"Осы қаруды ұстаған адамдар ұсталды. Үш тәуліктің ішінде тиісті шешім шығарылады", - деп атап көрсетті Калайчиди.

Сондай-ақ, комиссия жағдайды тұрақтандырумен айналысады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, Қордайдағы жанжал салдарынан 11 адам қаза болған.  Айтпақшы, қоғамдық дүмпу туғызған жағдайдан кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы Жамбыл облысына барып, зардап шеккендермен тілдескен еді. Ал президент Тоқаев болса: «Ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды» деп Жамбылдағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, дүңген  баланың "Көмектесіңізші!" деген видеоүндеуіне жауап бергені туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары