$ 447.4  477.55  4.76

Көше ортасында атыс шығарған ер адамдар ВИДЕОға түсіп қалды

Видеодан бірнеше ер адамның жердегі адамды қалай тепкілеп жатқанын көруге болады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Мәскеудің Сергиев-Посад қаласында атысқан ер адамдар видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Mash Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ер адамдар Институтская көшесіндегі кафенің жанында жанжалдасқан. Видеодан бірнеше ер адамның жердегі адамды қалай тепкілеп жатқанын көруге болады. Тұрақта тұрған көліктің жанында тағы біреуі жатыр. Төбелес кезінде қару ұстаған біреуі жүгіріп келіп, жердегілерді атып тастайды. Ұрып-соққандар атыстан кейін көлікке отырып, оқиға орнынан із суытқан. 

Нәтижесінде ауыр жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Шабуыл жасаушылар қашып кетті, полиция оларды іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атыс