Масаншы ауылының тұрғындары құжаттарды арнайы құрылған көші-қон полиция бөлімшесінде қалпына келтіре алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бізде аты-жөні анықталмаған адамдар бар, кейбірінің құжаттары зақымдалған, өртеніп кеткен.
Сондықтан біз қазір облыс орталығында жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін ХҚКО-да арнайы көші-қон пунктін аштық. Көз жұмғандардың ішінде барлығы анықталған», - деді ол.
Жалпы, ол тергеу жүргізіліп жатқанын: алғашында ұсталған 47 адам болса, кейінірек бұл сан көбейгенін айтады.
Оқиғалар түнгі уақытта болғандықтан, онда оқиғаға қатысушылар ғана емес жай куәгерлер де болды. Сондықтан ұсталған адамдар саны көп.
Олар тұтқындалды, енді бейнематериалдар тексеріліп, адамдардан жауап алынып, саусақ іздеріне дейін тексеріп жатырмыз. Осыдан кейін алдын-алу шарасы қолданылады, олар бұл толқуларға қаншалықты қатысып-қатыспағаны анықталады, тергеу жұмыстары жүргізіледі», - деп түсіндірді вице-министр.
Сонымен бірге ол қазіргі уақытта ұсталғандардың санын айту қиын екенін және ішкі істер министрінің орынбасары мен бас прокурордың бірінші орынбасарының жетекшілігімен сол жерде жұмыс істейтін жедел-тергеу тобынан ақпарат ұсынатынын айтты.