$ 494.87  520.65  4.91

Қытайда есірткімен ұсталған тәжік азаматы өлтірілді

Үрімшіде заңсыз есірткі тасымалымен ұсталған Хасан Юсуфовты өлім жазасына кескен үкім орындалды. Бұл туралы CA-News хабарлайды.

Х.Юсуфов Қытайдан өз еліне тауар тасымалдап, саудамен айналысқан. Бес жыл бұрын ол есірткі тасымалымен айналысқан деген күдікпен ұсталған еді. Қазір оның денесін отанына жеткізу мәселесі бойынша екі елдің әуе компанияларының арасында келіссөз жүріп жатыр.

Тәжік билігінің мәліметінше, Қытай түрмесінде 16 тәжік азаматы қамауда отыр. Оның тоғызы ер адам болса, жетеуі әйел. Ал, төрт адам өлім жазасына кесіліп, үкімнің орындалуын күтіп отыр.

Естеріңізде болса Қытайдың Гуанчжоу қаласында есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбаева өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. Қазір оны қайтару мәселесі екі ел тарапынан талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары