Жаңалықтар 11.02.2020 сағат 14:40

Сауд Арабиясы сексуалдық құлдыққа салынған 21 қазақстандық қызды босатты

Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен.
Сауд Арабиясы сексуалдық құлдыққа салынған 21 қазақстандық қызды босатты
Фото: Abai.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы 21 ҚР азаматшасын сексуалдық құлдықтан босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жақсы жалақы алу уәдесіне сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар олардың құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар