Өскеменде 31 жастағы жігітке іздеу салынды, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Раджан Түсіпов 4 желтоқсанда із-түссіз жоғалып кеткен. Ол Космитческая, 14 мекен-жайында тұратын ағасының үйінен шығып, қала маңындағы Қасым Қайсенов кентіне бет алған. Алайда кентке сол бойы жетпеген екен. Екі айдан астам уақыт бойы ол туралы еш хабар жоқ.
Жоғалып кеткен күні Раджанның үстінде қара күртке, көк джинсы шалбар, тоқылған қара бас киім болған. Маңдайының оң жағында тыртығы бар.
Раджан Түсіпов туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, 8-771-466-54-38 нөміріне немесе 102 арнасына хабар берулеріңізді сұраймыз.