$ 514.65  544.6  5.17

Алматыда орыстілді саясаттанушылар бірін-бірі «әдеби «Оскар» сыйлығымен марапаттады

Тіпті, сол «марапатқа» ие болғандар мен Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Досым Сатпаев, Сәкен Балбаев, Расул Жұмалы, Бекнұр Қисықов шағын сұхбат жүргізген.

Біздің атаққұмар ағайын Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында тағы бір сыйлық шығарыпты. Оны өздері «әдеби «ОСКАР» сыйлығы» деп атайды екен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге беріледі» дегенге, көз алдыңызға бірден Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік сынды алыптардың келе қалуы – заңдылық. Алайда, «Алтын қаламның» баспасөз хабарламасына жүгініп көрейік...

«Жеңімпаздар Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова жетекшілік еткен әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 70-ден астам сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді.

1. Жылдың үздік баспасы – Досым Сатпаев.
2. Жылдың әдеби дебюті – Ержан Рашев. «Человек на балконе. Дневник алматинского лазура».
Кiтап like (оқырмандар таңдауы) – «Черная звезда». Авторы Юрий Серебрянский, Бакытжан Момышулы.
4. Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік шығарма – «Живая память. Сталинизм в Казахстане – Прошлое. Память. Преодоление». Коллективная монография.
5. Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) – Досым Сатпаев».

Ал енді осы тізімде жоғарыда аталған мүйізі қарағайдай қаламгерлердің аты-жөні тұрмақ, қазақ тіліндегі бір туынды бар ма? Жарайды, орыстілді бола қойсын-ақ, тым құрыса, солардың ішінен бір салмақты автор мен шығарма байқалды ма? Әрі қарай кеттік...

Кітапты басынан жоғары көтерген әйел бейнесіндегі бұл мүсіндер «Эльдани» қайырымдылық қорының сәндік-қолданбалы шеберханасында дайындалыпты. Тіпті, сол «марапатқа» ие болғандар мен Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Досым Сатпаев, Сәкен Балбаев, Расул Жұмалы, Бекнұр Қисықов шағын сұхбат жүргізген.

Марапаттау шарасында ұйымдастырушылардың бірі Кенже Жұманұлы «қазіргі замандағы әдебиет өміріміздің, тұрмыс-тіршілігіміздің айнасы екенін, оқырмандардың сипаттамасы бойынша, әдеби «Оскар» деген атаққа ие болған марапат өмірімізді жақсы жағына қарай өзгертуге тырысқан қаламгерлер үшін мәртебе әрі қолдау болатынын» атап өткен.

Тағы оқи отырыңыз: «Қара жігіттің» бетін сүйген Гүлнұр Оразымбетованы тыңдармандары қызғанып қалды (ВИДЕО)

Өкінішке қарай, өз құнын осылай болмашы жылтырақпен, бір жапырақ марапат қағазына қосып берілетін қосымша тиын-тебенмен өлшейтіндер өздерінше топ-топ болып бөліне жүріп, бірін-бірі «марапаттағанға» мәз. Бала сияқты. Бес-алтауы бас қосып отырып ала салатын бұйымды «Әдеби «Оскар» дейді...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары