Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде тұрақты ауа райы сақталып, ауа температурасы әдеттегі нормадан 1 градусқа жылы болады деп хабарлайды "Қазгидромет". Тек оңтүстік-шығын өңірлерде ғана күн салқын.
Республиканың батыс бөлігінде күн жылы болғанымен қардың көлемі жылдағыдан қарағанда көп болады. Ал, өзге аймақтарда бұл көрсеткіш жылдық нормадан аспайды деп күтілуде. Айдың бірінші онкүндігі жауын-шашынды.
"Ал, айдың ортасында еліміздің солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде -7-17 градус, күндіз -2-10 градус аяз болады. Оңтүстік бөлікте те күн әдеттегіден жылы. Атап айтқанда, күндіз ауа температурасы 0+8 градус нөлден жоғары. Тек айдың аяғында ғана күн салқындайды деп күтілуде" делінге "Қазгидромет" таратқан хабарламада.
Айдың екінші онкүндігінде жауын-шашын молынан түсіп, республиканың солтүстік облыстарында күн айтарлықтай суытады. Атап айтқанда, солтүстікте түнде -25-32 градус, шығыста -32-38 градус аяз болады. Ал, күндіз - 20 градус нөлден төмен. Республиканың оңтүстік бөлігінде түнде -15-22 градус, күндіз -6-15 градус күн суық.
Ақпанның үшінші онкүндігі белсенді циклондардың өтуімен байланысты жауын-шашын мол түседі. Сондай-ақ, жел күшейіп, қалаларда көктайғақ болады.