1 ақпан күні жергілікті сайлау комиссияларынан келіп түскен мәліметтерге сәйкес 1050 адам мәслихат депутаты болуға өз кандидатураларын ұсынған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап Today.kz жазады.
Мыңнан астам кандидаттың екеуін саяси партиялар ұсынса, қалғаны мәслихат депутаттығына өз-өзін ұсынған.
Солтүстік Қазақстан облысынан Мәслихат депуттатығына ең көп үміткер 239 адам тіркелген. Екінші орындағы Қарағанды облысында 197, Шығыс Қазақстанда 132, Қостанай облыстарында 95 адам жергілікті мәслихат депутаттығынан дәмелі.
Үміткерлердің басым бөлігі ер адамдар екен. Олардың орташа жасы 41. Болашақ депутаттардың алпыс пайызынан астамының ғана жоғары білімі бар. Қалғандарының білімі орташа және ортадан жоғары.
Айта кететін жайт мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну 19 ақпанға, ал оларды тіркеу 23 ақпанға дейін жалғасады.
Естеріңізде болса порталымыздың сарапшылары Мәжіліс сайлауында 4-ші болып қай партия өтетіндігі жайлы сараптама жазған еді. Эксклюзивті сараптаманы сілтеме арқылы оқи аласыздар.